Алматыда 2 сәуір, бейсенбі күні кешке белгісіз біреулер Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың немересі, композитор Бақытжан Байқадамовтың қызы Айгүл Байқадамоваға шабуыл жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.
Әйел Талғар медициналық колледжінен үйіне қайтып келе жатқан, оқу орнының жүргізушісі оны үйінен бірнеше метр жерге түсіріп кеткен. Шабуыл жасағандарды ол көрмеген. Байқадамова гараждардың қасында есін жиған: жанынан өтіп бара жатқан бір жігіт оған есін жиюға көмектесіп, пәтеріне дейін жеткізіп салған. Жедел жәрдем шақыру туралы ұсыныстан ол бас тартқан.
Әйелді қатты ұрып-соққан, әсіресе беті қатты зақымданған. Алайда одан ештеңе ұрланбаған. Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Байқадамованың өзі шабуылды азаматтық ұстанымымен байланыстырады. Бір күн бұрын ол Facebook-те георгий таспасы туралы пікірталасқа қатысқан және шабуылды қарсыластары «тапсырыс беріп» ұйымдастырды деп есептейді.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



