Мазмұнға өту

Айбар Олжаев Алматы әкімдігіндегі «тазалау» туралы қаңқу сөзді жоққа шығарды

Әкімнің бұрынғы баспасөз хатшысы көптен бері жұмыстан кетуді жоспарлағанын, оны ешкім кетуге мәжбүрлемегенін айтты.

Алматы әкімінің бұрынғы баспасөз хатшысы Айбар Олжаев қалалық әкімдікте «тазалау» жүріп жатыр деген БАҚ хабарларын жоққа шығарды. Оның айтуынша, оны ешкім кетуге мәжбүрлеген жоқ, бұл — оның өз шешімі. Бұл туралы today.kz хабарлады.

«Мені әкімдіктен біреу ығыстырып шығарды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді Олжаев. Ол жеке себептермен жұмыстан кеткенін және мұны көптен бері жоспарлағанын түсіндірді. Оның сөзінше, Бауыржан Байбектің кеңесшісі оны қалуға үгіттеген, ал әкімдік жұмысты өтеп кетуді талап етуіне болатын еді, бірақ өтінішіне бір аптадан кейін қол қойды. «Онда ешкім ешкімді «тазалап» жатқан жоқ», — деді ол.

Олжаевтың айтуынша, әкімнің баспасөз қызметінде бұрынғы команда жұмыс істеп жатыр. Оның білуінше, жаңа баспасөз хатшысы әлі тағайындалмаған, міндетін уақытша баспасөз қызметінің бұрыннан істейтін қызметкері Жазира Сайдахмедова атқарып отыр. «Барлық бұрынғы әріптестеріме және жаңа әкімге табыс пен жемісті жұмыс тілеймін», — деді ол.

Бауыржан Байбек Алматы әкімі болған он күн ішінде әкімдікте бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Кейбір қоғам қайраткерлері БАҚ-қа берген сұхбатында әкімдікте «тазалау» жүріп жатыр деген болжам айтқан.

9 тамызда Байбек «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кетіп, Алматы әкімі болды. Қаланы басқарған Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. 18 тамызда Алматы әкімінің жаңа орынбасары мен аппарат басшысы белгілі болды.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз