Мазмұнға өту

Су басу қаупі: Алматы мен облыста өзен суы көтерілуі мүмкін

Қала қолайсыз ауа райына алдын ала дайындалды: Алматыда 85 бригада кезекшілік етіп, судан қорғану үшін 5 мың қап құм әзірленді.

Горная река Малая Алматинка в урочище Медеу под Алматы
Малая Алматинка в урочище Медеу. Фото: Wikimedia Commons

27–29 қарашада Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында, сондай-ақ Алматы маңында қатты жауын-шашынның салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріліп, кейбір аумақтарды су басуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, «Қазселденқорғау» ескертті.

Таулы және тау етегіндегі аудандарда бұл күндері қатты жаңбыр мен қар күтіледі, соның салдарынан беткейлік ағын пайда болуы мүмкін. «Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзендердің жайылма учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады», — деген «Қазселденқорғау» мамандарының сөзін Zakon.kz келтіреді.

«Қазселденқорғау» ескертуді Instagram-да қазақ және орыс тілдерінде жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Бұл ең алдымен тау өзендерінің жайылмасында тұратын немесе сол жерде құрылысы бар тұрғындарға, сондай-ақ өзен бойындағы жергілікті жолдармен жүретін жүргізушілерге қатысты. Қала қолайсыз ауа райына алдын ала дайындалды: Алматыда 85 бригада мен 415 техника кезекшілік етеді, ал судан қорғану үшін 5 мың қап құм әзірленді.

Жауын-шашынмен бірге оңтүстікке суық та келді. «Қазгидромет» дерегінше, 27 қарашада Алматыда күндізгі ауа температурасы 5–7 градус жылыға дейін күрт төмендейді, ал Алматы облысының таулы аудандарында 0–5 градус аяз болады. 30 қарашада синоптиктер оңтүстік-шығыстың тауларында тағы да қатты жауын-шашын күтіп отыр. Жаңбыр салдарынан өзен суы көтерілуі мүмкін екенін бір күн бұрын ШҚО-да да ескерткен.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз