Мазмұнға өту

Тұрсынай Қабыл пара пауэрлифтингтен тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

26 жастағы спортшы жеңістен кейін бұл медальді көптен армандағанын айтып, екі жылдан кейін өтетін Паралимпиадаға дайындалып жатқанын жеткізді.

Турсынай Кабыл на чемпионате мира по пара пауэрлифтингу в Бахрейне
Фото: Hiroki Nishioka / WPPO

Қазақстандық Тұрсынай Қабыл Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңіске жетті. 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 26 жастағы спортшы 100 келі көтеріп, үш әрекеттің қосындысы бойынша 297 келі жинады және жалпы есепте де үздік атанды. World Para Powerlifting атап өткендей, бұл — Қабылдың тұңғыш әлем чемпиондығы, ал Қазақстан үшін осы турнирдегі алғашқы алтын.

Күміс жүлдені түркиялық Рейхан Полат, қоланы ресейлік Татьяна Жаворонкова иеленді: екеуі де 94 келі көтеріп, қазақстандықтан бірден 6 келіге қалып қойды. Осы салмақтағы тағы екі қазақстандық — Данагүл Есжанова мен Арианна Кобзарь — сегізінші және тоғызыншы орын алды.

World Para Powerlifting қазақстандықтың алтын әкелген өнерінің бейнесін жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

«Сезімім керемет, өйткені мен бұл әлем чемпионатына ұзақ жол жүрдім және осы медальді армандадым. Паралимпиадаға дайындалып жатырмын — алда тағы екі жыл бар. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін», — деді Қабыл жеңістен кейін NUR.KZ тілшісіне.

Бұған дейін Қабыл Азия пара ойындарында қатарынан екі рет күміс алған, ал өзі алғаш қатысқан Париж-2024 Паралимпиадасында алтыншы орынға тұрақтаған. Бахрейндегі әлем чемпионаты 2 желтоқсанға дейін жалғасады: Қазақстан атынан 23 спортшы — 13 ер адам мен 10 әйел — бақ сынап жатыр, алда әлі жеке, жұптық және аралас командалық жарыстар бар.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз