Аңызға айналған ресейлік жұдырықтасушы Фёдор Емельяненко UFC оның шәкірті, Bellator мен PFL-дің бұрынғы чемпионы Вадим Немковпен келісімшартқа отырудан бас тартқанын мәлімдеді. 50 жастағы Емельяненконың айтуынша, бұған жұдырықтасушының ресейлік екені және оның жоғары деңгейі себеп болған. Фёдордың сөзін ТАСС келтіреді.
«UFC оны алғысы келмеді. Олар: «Бізге ресейлік чемпион керек емес. Біз Вадимнің ауыр салмақты жайпап кете алатынын білеміз», — деді», — деп айтты Емельяненко.
UFC бұл сөздерге әзірге ресми пікір білдірген жоқ. Бұған дейін Немковтың өзі де UFC-мен келіссөзден кейін промоушенге қазір Ресей жұдырықтасушылары онша қызық емес екенін аңғартқанын айтқан. Оның сөзінше, UFC PFL-ге қарағанда әлдеқайда нашар шарттар ұсынған. Бір апта бұрын Немков ТАСС-қа UFC Емельяненкомен тікелей келіссөз жүргізуден бас тартып, тек менеджер арқылы сөйлесуге келіскенін айтқан.
Емельяненко мен UFC арасындағы қарым-қатынас оның өз мансабы кезінде де жараспаған: Фёдор промоушенмен ешқашан келісімшартқа қол қоймады, ал UFC басшысы Дана Уайт оны ұзақ жылдар бойы келісімге келе алмаған жалғыз жұдырықтасушы деп атап келді.
Немковтың кәсіби рекордында 20 жеңіс, үш жеңіліс және бір өтпей қалған жекпе-жек бар. Ол жауынгерлік самбодан Ресейдің бес дүркін чемпионы, Райан Бейдер, Кори Андерсон, Йоэль Ромеро және Фил Дэвис сынды жұдырықтасушыларды жеңген.



