Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

ШҚО-да Ертістің жұқа мұзына шыққан үш балықшы суға батып кетті

1960, 1967 және 1984 жылы туған ер адамдар құтқару жилетінсіз балық аулаған, олардың денесін ТЖД сүңгуірлері судан шығарды.

Река, покрытая тонким льдом
Фото: Wikimedia Commons / Vyacheslav Argenberg (иллюстративное)

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында үш балықшы суға батып кетті. Ер адамдар Зевакино ауылы маңында Ертіс өзенінің жайылмасындағы әлі қатпаған мұзға шығып, мұз астына түсіп кеткен. Бұл туралы 24 қарашада ШҚО ТЖД хабарлады.

Қаза тапқандар – 1960, 1967 және 1984 жылы туған ер адамдар. Олардың ешқайсысында құтқару жилеті болмаған. Үшеуінің де денесін төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері судан шығарды.

ТЖД өңір тұрғындарына алғашқы аяз мұздың берік екенін білдірмейтінін ескертті. Адам үшін қалыңдығы кемінде 10 сантиметр мұз қауіпсіз саналады. Қараңғыда және көріну нашар кезде су айдынына шығуға болмайды. Мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден аз болса, өзіңізбен бірге құтқару жилетін, ысқырықты және мұз астына түскен адамға көмектесу үшін екі метрлік таяқ не 12 метрлік арқан алу қажет.

Бір апта ішінде мұндай қайғылы оқиға екінші рет болып отыр. 18 қарашаға қараған түні құтқарушылар Есен өзенінде мұз астына түскен Қарағанды облысындағы үш балықшының денесін тапқан, оларда да жилет болмаған. Ал бірнеше күн бұрын ШҚО-ның өзінде құтқарушылар мұз астына түскен 9 жасар баланы аман алып шықты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз