Мазмұнға өту
2026 жылғы 22 қараша, жексенбі

ТЖМ: Алтай қаласында мұз астына түскен 9 жасар бала құтқарылды

ТЖМ жұқа мұздың өмірге қауіпті екенін ескертіп, ата-аналарды балаларды су айдындарына қараусыз жібермеуге шақырды.

Спасатели ДЧС на льду заболоченного участка в городе Алтай ВКО
Фото: МЧС РК (кадр из видео)

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында құтқарушылар батпақты жердегі жұқа мұз ойылып, суға түсіп кеткен 9 жасар баланы мұзды судан шығарып алды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға Курчатов көшесі маңында болған. 2017 жылы туған бала әлі қатпаған мұзға шыққан, мұз көтермей, ол суға түсіп кеткен. Шақыру бойынша келген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баланы судан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, бала қатты тоңған. Ол ауруханаға жеткізілді, қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

ТЖМ жұқа мұздың өмірге аса қауіпті екенін еске салды. Құтқарушылар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды, оларға су айдындарына шығудың қаупін түсіндіруді және су маңында ойнауға рұқсат бермеуді сұрайды. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалу керек.

Бұған дейін ТЖМ құтқарушылары Балқашта балықшыны тапқан еді: оның қайығының моторы жағадан 24 шақырым жерде сөніп қалған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз