Мазмұнға өту
2026 жылғы 22 қараша, жексенбі

ТЖМ Балқаштан жағадан 24 км жердегі балықшыны тапты

Ер адам таңертең Приозерск маңында моторлы қайықпен балық аулауға шыққан, құтқарылғаннан кейін оған медициналық көмек қажет болмады.

Спасатели МЧС ночью выводят на берег рыбака, которого нашли на озере Балхаш
Фото: МЧС РК

Балқаш көлінде құтқарушылар моторлы қайықпен балық аулауға шығып, жағаға оралмаған ер адамды тапты. Ол жағалаудан 24 шақырым қашықтықта табылды, деп хабарлады ТЖМ.

Ер адам таңертең Қарағанды облысындағы Приозерск қаласынан шамамен 15 шақырым жерде Балқаш көлінің акваториясына моторлы қайықпен балық аулауға шыққан, бірақ қайта оралмаған. Хабарлама түскен бойда іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, оған ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен техникасы жұмылдырылды. Кейін балық аулау кезінде қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ер адамның жағаға өздігінен жете алмағаны анықталды.

Құтқарушылар балықшыны жағаға жеткізді. ТЖМ мәліметінше, оған медициналық көмек қажет болмады.

Құтқару сәтінің бейнежазбасын ведомство Instagram-да жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Бұдан бірнеше күн бұрын Қарағанды облысында балық аулау қайғылы аяқталған еді: Шахтинскінің үш тұрғыны — екі ер адам мен бір әйел — Есен өзенінде мұз астына түсіп, суға батып кетті. Құтқарушылар үшеуінің де денесін 18 қарашаға қараған түні жағадан шамамен 10 метр жерден тапты, қаза тапқандарда құтқару кеудешесі болмаған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз