Мазмұнға өту
2026 жылғы 23 қараша, дүйсенбі

Мырзуан ісі бойынша сот: прокуратура істі қайтару шешіміне шағымданды

Өтінішхатты қазір Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарап жатыр, сондықтан істі қайтару туралы шешім заңды күшіне енбеген.

Судебный процесс в Астане по делу об обрушении фасада дома, при котором погибла фельдшер скорой помощи Улдана Мырзуан

Астана прокуратурасы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша айыпталушы ПИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязованың ісін өзіне қайтару туралы сот шешімімен келіспей, оған шағымданды. Бұл туралы NUR.KZ сұрауына жауап ретінде елорда прокуратурасы хабарлады.

«12 қазанда қала прокуратурасы аталған қаулыға апелляциялық өтінішхат енгізді, ол қазір Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралып жатыр. Апелляциялық өтінішхат берілуіне байланысты сот қаулысы заңды күшіне енбегенін хабарлаймыз», — деп жауап берді ведомство.

Прокуратура шағымданып отырған қаулыны қазан айының басында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Меруерт Абаева шығарған. Ол істі құрылыс салушыға және басқа тұлғаларға қатысты іспен біріктіру мәселесін шешу үшін прокурорға жолдаған. Мұны жәбірленуші тараптың өкілі сұраған. Оған тергеу сотының 1 қазандағы шешімі негіз болған: сот үйдің құрылысына қатысы бар тұлғаларға қатысты істі тоқтату туралы шешімнің күшін жойған.

Ұлдана Мырзуан Астанадағы тұрғын үй қасбетінің бір бөлігі үстіне құлап, қаза тапқан. Іс қайтарылғанға дейін прокурор Жұбаниязоваға екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын сұраған, ал «Астана-Технадзор» ЖШС сарапшысы сотта құлаудың басты себебі сапасыз құрылыс екенін айтқан.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз