Жетісу облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласында «АгроКомплекс Уштобе» ЖШС он жылдан астам жұмыс істемей тұрған диірмен комбинатын қалпына келтіріп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Оның алаңында жылына 600 мың тоннаға дейін өнім шығаратын агроөнеркәсіптік кешен құрылады: 300 мың тоннаға дейін құрама жем, 150 мың тонна май-тоң май өнімі және 150 мың тонна ұн.
Жоба 2026–2028 жылдарға есептелген және үш кезеңмен жүзеге асады. Қазір кәсіпорында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр: ғимарат конструкциялары нығайтылып, өндірістік инфрақұрылым жаңғыртылуда. 2027 жылы жылына 300 мың тоннаға дейін өнім беретін, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған құрама жем зауытын іске қосу жоспарланған, одан кейін 150 мың тонналық май-тоң май өндірісі ашылады. Соңғы кезеңде, 2028 жылы, жыл сайын 150 мың тоннаға дейін астық өңдейтін жаңғыртылған диірмен кешені жұмыс істей бастауы тиіс.
Аудан үшін бұл — 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны. Құрама жем зауыты мал шаруашылығына арналған отандық жем ұсынысын кеңейтуі тиіс, ал бір алаңдағы үш өндіріс жергілікті фермерлердің астығы мен өзге де ауыл шаруашылығы шикізатына қосымша сұраныс туғызады.



