Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Илон Маск пен SpaceX әр балалар «Трамп шотына» бір акциядан береді

АҚШ билігі мұндай шоттың 70 миллионға жуығын санаған, бірақ олардың қаншасы белсенді және акция алатыны әзірге белгісіз.

Корабль Starship Ship 42 с работающими двигателями опускается к стартовой башне на космодроме Starbase в Техасе
Фото: SpaceX

SpaceX компаниясы әрбір белсенді «Трамп шотына» — АҚШ-та 18 жасқа толмаған балаларға ашылатын инвестициялық шотқа — өзінің A класты бір акциясын сыйлайды. Компания басшысы Илон Маск сыйлықты өз үлесінен тағы бір акциямен екі еселейді. Бұл туралы SpaceX 25 қарашада мәлімдеді, деп хабарлайды CNBC. Жаңалық Астана уақытымен 26 қарашада сағат 01:00 шамасында жарияланды.

«SpaceX болашақтың инфрақұрылымын салып, өмірді көп планеталы етуге жұмыс істеп жатыр. Осы жүйелерді жасап жатқан компанияға иелік ету америкалықтардың келесі буынына да өтуі керек деп санаймыз — олардың ұзақ мерзімді игілігі үшін», — делінген компания мәлімдемесінде.

Сыйлықтың құны қанша болатыны белгісіз. Қазанда Ақ үй елде 70 миллионға жуық «Трамп шоты» ашылғанын, оның 60 миллионнан астамы автоматты түрде ашылғанын хабарлады. Бірақ сыйлықты тек отбасылар өздері растаған белсенді шоттар ғана қабылдай алады, ал олардың саны ресми түрде аталмаған. SpaceX пен АҚШ Қаржы министрлігі CNBC сұрағына бірден жауап бермеді.

«Трамп шоттары», яғни 530A шоттары, 4 шілдеде іске қосылды. Туыстар мен таныстар оларға бір балаға жылына 5 мың долларға (2,3 млн теңгеге жуық) дейін сала алады, ал 2025–2028 жылдары туған балаларға мемлекет бір рет 1 мың доллар (459 мың теңгеге жуық) аударуы мүмкін. Қыркүйектің соңынан бастап шоттарға акция сыйлауға рұқсат берілді. CNBC мәліметінше, отбасылар мен достар 1 млрд доллардан астам қаражат салған, ал шоттардағы жалпы сома 9 млрд доллардан асады. Акциямен сыйлықтың кері жағы да бар: оларды кез келген уақытта сату мүмкін бола бермейді, ал баланың жинағы бір компанияның бағамына тәуелді болып қалады.

Мұндай сыйлық туралы Маск қазанда-ақ айтқан: ол X желісінде келесі жылы Америкадағы әр балаға SpaceX-тің бір акциясын беретінін және бұл «көптің біріншісі» болатынын жазған. Сол кездегі бір акция үшін шамамен 146 доллар бағамен америкалық қаржы басылымдары уәденің құнын 10 млрд долларға жуық деп бағалады. Бұған дейін SpaceX-тің операциялық директоры Гвинн Шотвелл жұбайымен бірге 2 миллионнан астам балаға бір акциядан сыйлауға уәде берген — балалар оларды желтоқсанда алуы тиіс.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз