Мазмұнға өту
2026 жылғы 25 қараша, сәрсенбі

ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті ұстады

Бір күн бұрын компания Омарбеков пен коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байгужиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлаған.

Куаныш Омарбеков, член правления «Казатомпрома»
Фото: kazatomprom.kz

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндіріс жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті ұстады. Бұл туралы 25 қарашада ҰҚК хабарлады. Ол 23 қарашада ұсталған: Омарбековпен бірге уақытша ұстау изоляторына басқа да адамдар қамалды, ведомство олардың есімін атамайды.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандардың «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр, бұл бап аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ болып пара беруге қатысты. Өзге мәліметті ҰҚК тергеу құпиясына сілтеп, жария етпей отыр.

ҰҚК ұстау туралы хабарламаны бейнежазбамен бірге өз Telegram-арнасында жариялады.

Бір күн бұрын, 24 қарашада, «Қазатомөнеркәсіп» директорлар кеңесінің шешімімен басқарманың екі мүшесі — Омарбеков пен коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байгужиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады. Олардың міндеттері басшылық ішінде бөлінді. Компания өндірістік және коммерциялық қызметкерлер толық құрамда жұмыс істеп жатқанын, ағымдағы қызмет қалыпты режимде екенін мәлімдеді.

Бұл ұстау «Самұрық-Қазынадағы» сыбайлас жемқорлық ісінің жалғасы болды. 11 қарашада ҰҚК қор басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыповты және «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиевті ұстады, 14 қарашада сот оларды қамауға алуға санкция берді. Осыдан кейін Жоғары аудиторлық палата қор компанияларын тексеру қорытындысын жариялады, олардың қатарында «Қазатомөнеркәсіп» те болды: «Самұрық-Қазына» аудитінің нәтижесі құпияланды, ал ҚТЖ-дан 80,6 млрд теңге шығын мен жіберіп алынған пайда анықталды. 24 қарашада ҚТЖ-ны Ерсайын Нағаспаев басқарды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз