Мазмұнға өту
2026 жылғы 25 қараша, сәрсенбі

Астанада 25 қарашада жарық, су мен жылу сөндіріледі: мекенжайлар

Жабаев, Ақтасты, Керегетас, Степная және Көкжазық көшелерінің тұрғындары электр жарығынсыз ең ұзақ – сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін отырады.

Влияют-ли-регулируемые-батареи-на-оплату-отопления
Влияют ли регулируемые батареи на оплату отопления

25 қараша, сәрсенбі күні Астанада ондаған мекенжайда электр жарығы, суық және ыстық су, сондай-ақ жылу уақытша сөндіріледі. Шектеулер бір сағаттан сегіз сағатқа дейін созылады. Бұл туралы қала әкімдігінің iKomek 109 мониторинг және жедел ден қою орталығы хабарлады.

Ең көп үй жарықсыз қалады. Техникалық қызмет көрсетуге байланысты сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін мына мекенжайларда электр жарығы болмайды:

  • Ж. Жабаев көшесі: 4А, 5А, 26, 31, 32, 33, 34, 35, 37, 40А;
  • Ақтасты көшесі: 10/1, 11, 12/1, 13/4, 13А, 14, 19/1, 19/4–19/6, 21;
  • Керегетас көшесі: 15, 15А, 16А, 17/1–17/6;
  • Степная көшесі: 1, 1А, 2, 2/1, 14, 15А, 16А;
  • Көкжазық көшесі: 1/1, 1А.

Сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін М. Лермонтов, Ш. Уәлиханов, А. Жангелдин көшелерінде және Бішіқайың мен Күлтөбе тұйық көшелерінде жарық сөндіріледі: онда оқшауланбаған сымды өздігінен көтерілетін оқшауланған сымға ауыстырады. Сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін кабель желісі қосылатын Ә. Бөкейхан көшесіндегі 29/2 үй, ал 11:00-ден 13:00-ге дейін кіріс шиналары жөнделетін А. Янушкевич көшесіндегі 1-үй жарықсыз қалады.

Жылу трассасына қосу жұмыстарына байланысты ыстық су мен жылу сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін берілмейді. Бұл Б. Бейсекбаев көшесіндегі 9, 9/1, 9/2, 9/3 және 11-үйлерге, Кенесары көшесіндегі 62 және 64-үйлерге, сондай-ақ Егемен Қазақстан көшесіндегі 3/4 және 3/5-үйлерге қатысты.

Су құбырындағы жұмыстарға байланысты суық су да сөндіріледі. Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Ш. Қалдаяқов көшесіндегі 2, 2/1, 2/2, 4 және 4/1-үйлерде, 14:00-ден 17:00-ге дейін А. Иманов көшесіндегі 32/2, 32/3, 34 және 36-үйлерде, Б. Бейсекбаев көшесіндегі 3 және 3/1-үйлерде су болмайды.

Мерзімін нақтылау немесе коммуналдық қызметтерге қатысты мәселені хабарлау үшін 109 нөміріне хабарласуға болады. Синоптиктердің болжауынша, 25 қарашада елордада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады, аздап қар аралас жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасы 3-5 градус жылы болады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз