Әлемнің екінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы Янник Синнер оң тізесіне ота жасатты. Ота Финляндияның Турку қаласында, профессор Лассе Лемпайненнің клиникасында өтті — дәрігерлер мықын-үлкен жіліншік жолағына ем жасады. Бұл туралы италиялық теннисші әлеуметтік желіде хабарлады.
Синнердің өз сөзінше, тізесі емге көнбеген соң отаға баруға тура келген. Болжам бойынша, қалпына келу үш-төрт айға созылады. Жанкүйерлер италиялықты көктемде, 2027 жылғы маусымның топырақ корт бөлігінде көреміз деп үміттенеді.
Синнердің басты қарсыласы Карлос Алькарас оған алғашқылардың бірі болып тезірек оралуын тіледі. «Янниктің тек Италия үшін емес, бүкіл теннис үшін қаншалықты маңызды екенін бәрі біледі. Оны кортта қайта көретін күнді асыға күтемін», — деді испаниялық.
Синнерге отандастары да қолдау білдірді. Флавио Коболли болған жағдайды италиялық теннис үшін ауыр соққы деп атады, Маттео Берреттини асықпай, тек толық сауығып оралуға кеңес берді, ал Лоренцо Музетти Янникті «италиялық теннистің қозғаушы күші» деп атады. Австралиялық Алекс де Минор да тезірек сауығуын тіледі.
Алькарастың өзі қазір Болоньяда, Испания құрамасымен бірге Дэвис кубогының финалдық кезеңіне дайындалып жатыр.



