Мазмұнға өту
2026 жылғы 25 қараша, сәрсенбі

Үкім: Қазығұрт ауруханасының бұрынғы бас дәрігері 8 жылға сотталды

Қаражат реанимацияға арналған оттегімен қамту жүйесіне бөлінген, ал ұрланған ақшаның бір бөлігіне Астанадан туысқанның атына пәтер алынған.

Конфискованный автомобиль по делу о хищении в Казыгуртской больнице
Фото: АФМ РК

Түркістан облысындағы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы 25 қарашада ҚМА хабарлады. Схемаға қатысқан кәсіпкерге 7 жыл жаза тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал 117 млн теңге болды.

ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлауынша, қаражат реанимациядағы науқастарға көмек көрсетуге қажет медициналық оттегімен қамту жүйесін сатып алуға бөлінген. Біртұтас медициналық кешенді жасанды түрде жеке тауарларға бөліп, оларды бақылаудағы компаниялар арқылы қымбат бағамен сатып алған. Ал іс жүзінде жабдықты басқа ұйым жеткізіп, орнатқан.

Ұрланған қаражаттың бір бөлігі заңдастырылған: оған жылжымайтын мүлік сатып алынып, туысқанның атына рәсімделген. Үкім бойынша Астанадағы пәтер мен екі көлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

ҚМА іс бойынша бейнежазбаны өз Telegram-арнасында жариялады.

Қазығұрт ауруханасындағы схема туралы ҚМА алғаш рет 2025 жылғы желтоқсанда хабарлаған. Ол кезде залал 115 млн теңге деп бағаланып, бұрынғы бас дәрігерге бұлтартпау шарасы ретінде кепіл, ал оның болжамды сыбайласына үй қамағы тағайындалған еді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз