Мазмұнға өту
2026 жылғы 25 қараша, сәрсенбі

Қайрат Нұртас Атыраудағы концертте жанкүйеріне көзілдірігін сыйлады

Қыз бұл сәтті TikTok-қа жариялап, сыйлыққа әлі күнге сене алмай жүргенін айтты.

Кайрат Нуртас
Фото: Instagram/kair_n

Қайрат Нұртас 22 қарашада Атырауда өткен концертінде залдағы бір қызды сахнаға шақырып, оған Louis Vuitton күннен қорғайтын көзілдірігін сыйлады. Осы сәт түсірілген бейнені ssamantaa20 деген атпен парақша жүргізетін жанкүйердің өзі TikTok-та жариялады.

«LV көзілдірік енді менде, әлі де сенер емеспін», — деп жазды ол әншінің хэштегін қосып. Бейне 4 мыңнан астам «ұнайды» белгісін жинап, 500-ден астам рет бөлісілді. Пікірлерде қолданушылар қызға қуанып, сыйлықты ешкімге сатпауға кеңес беріп жатыр.

Кейін жанкүйер үйде, сыйға алған көзілдірікпен түскен тағы бір бейнесін жариялады. Онда Қайрат Нұртасты белгілеп, кумиріне әзілдеп: «Қалай? Қалай?» — деп сұрақ қойды.

Қара көзілдірік Нұртастың сахналық бейнесінің ажырамас бөлігіне айналғалы қашан: әнші концерттер мен түсірілімдердің көбіне соны киіп шығады. Сондықтан жанкүйерлер бұл сыйлықты жай қымбат аксессуар емес, әртістің өз киім-кешегінен берілген зат ретінде қабылдады.

Қайрат Нұртас 37 жаста, ол — Қазақстандағы ең танымал эстрада әншілерінің бірі, оның жеке концерттері Алматы, Астана және өңірлердегі ірі алаңдарда өтеді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз