Мазмұнға өту

Жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Тексеру қарыз алушылардың құқығы жүйелі түрде бұзылғанын анықтады, алайда бұл ұйымдардың клиенттері қарызын шарт талаптарына сай өтеуге міндетті.

Новые-правила-биометрической-проверки-вводят-в-банках-и-МФО-Казахстана
Новые правила биометрической проверки вводят в банках и МФО Казахстана

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жеті микроқаржы ұйымын лицензиядан айырды. Тексеру барысында бұл ұйымдардың заңнаманы жүйелі түрде бұзғаны, соның салдарынан қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығына нұқсан келгені анықталды. Бұл туралы агенттік хабарлады.

Лицензияны кері қайтарып алу туралы бұйрықтарға 2026 жылғы қазанда қол қойылды. Микроқаржы қызметімен айналысу құқығынан мына ұйымдар айырылды:

  • «МҚҰ «MaxMoney» ЖШС;
  • «МҚҰ «Microfinance Systems» ЖШС;
  • «МҚҰ «SurfKaz Finance» ЖШС;
  • «МҚҰ «MFO№1» ЖШС;
  • «МҚҰ «Умит Финанс» ЖШС;
  • «МҚҰ «Вивус» ЖШС;
  • «МҚҰ «EL QAZYNA» ЖШС.

Лицензиясы кері қайтарылған ұйым микрокредит бере алмайды. Заңда тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған шарттардың талаптарын да өзгерте алмайды. Мұндай ұйым 30 күнтізбелік күн ішінде атауынан микроқаржы қызметін білдіретін сөзді алып тастауға не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға тиіс.

Лицензияның кері қайтарылуы қарыз кешірілді дегенді білдірмейді. Өтелмеген қарызы бар клиенттер міндеттемесін бұрынғыдай шарт талаптарына сәйкес орындауға жауапты.

ҚНРДА азаматтардың құқығын қорғау басым міндет болып қала беретінін айтып, микрокредит нарығын тәуекелге бағдарланған қадағалауды жалғастыратынын мәлімдеді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз