Владимир Пресняковтың 13 қараша, жұма күні Астанада өтуі тиіс концерті болмайтын болды. Концертке үш күн қалғанда бұл туралы ұйымдастырушы KOROBKO PRODUCTION компаниясы Instagram-да хабарлады. Себебін қысқа ғана түсіндірді: концерт «туындаған техникалық жағдайларға байланысты» өтпейді.
Бұл шешім Алматыдағы концертке әсер етпейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әншінің 14 қараша, сенбі күні Республика сарайында өтетін концерті жоспар бойынша болады. Концерт сағат 20:00-де басталады, «Алматы әуендері» сайтында билет бағасы 15 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін.
Компания көрермендерден қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандарға алғыс айтты. Ұйымдастырушылар елордадағы концертті басқа күнге ауыстыруға үміттенетінін жазды. Жаңа күні әзірге белгісіз. 13 қарашадағы концертке алынған билеттің ақшасын қалай қайтаруға болатыны да хабарламада айтылмаған.
Ұйымдастырушылардың Instagram-дағы хабарламасы:
Владимир Пресняков 58 жаста. Ол — «Самоцветы» ансамблінің музыканттары Владимир және Елена Пресняковтардың ұлы, 1980 жылдардың соңынан бері Ресейдің ең танымал эстрада әншілерінің бірі. Оның басты хиттері — «Зурбаган», «Стюардесса по имени Жанна» және «Замок из дождя». Әншінің қазіргі жұбайы — әнші Наталья Подольская. Кристина Орбакайтемен некеден туған ұлы Никита да музыкант, мамыр айында ата-анасы оны 35 жасымен құттықтады.



