Мазмұнға өту

ҰҚК Шекара қызметі Каспийде 126 құқықбұзушыны ұстады

Ведомство болдырмаған залалды 840 млн теңгеден астам деп бағалады, ал браконьерлердің ауынан 2 337 бекіре және басқа балық теңізге қайта жіберілді.

Пограничники КНБ во время рейда на Каспийском море

Қазақстан ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде қазан айында өткен арнаулы жедел-профилактикалық іс-шаралардың қорытындысын шығарды. Ведомство хабарлағандай, шекарашылар басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 126 құқықбұзушы мен 44 шағын көлемді кемені ұстады.

Рейдтер кезінде 11,5 кг есірткі тәркіленіп, теңізден 88 км браконьерлік аулау құралы алынды. Ауға түскен бекіре және басқа түрдегі 2 337 балық босатылып, табиғи ортасына қайтарылды.

Құқықбұзушыларға жалпы сомасы 4,5 млн теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды. ҰҚК Шекара қызметінің бағалауынша, мемлекетке 840 млн теңгеден астам залал келтірілуінің алды алынған. Ведомство теңізге шығатындардың бәріне белгіленген ережелерді сақтау керегін ескертті.

Браконьерлікпен күрес шекарашылардың Каспийдегі басты жұмыс бағыттарының бірі болып қала береді. Ведомство дерегінше, 2026 жылдың алғашқы жартысында ғана теңіздің қазақстандық бөлігінде браконьерліктің 75 фактісінің жолы кесілген. Бағалы балықты құрлықпен де тасымалдауға тырысады: тамыз айының соңында Ақтау полициясы жеңіл көліктің жүксалғышынан 205 кг бекіре тәркіледі.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз