Мазмұнға өту

Шымкентте 292 үлескерді алдады деген күдікті ұсталды

ІІМ мәліметінше, азаматтардың ақшасы Астанада рұқсатсыз әрі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз салынған тұрғын үй кешеніне жиналған.

Задержание подозреваемого в обмане дольщиков жилого комплекса в Астане

Астана полицейлері Шымкентте елордадағы тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты алаяқтық жасады деп күдіктелген 45 жастағы ер адамды ұстады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша 292 үлескер жәбірленуші деп танылған, ал жалпы залал 4 млрд теңгеден асады.

Тергеу нұсқасына қарағанда, күдікті бір топ адаммен бірге алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Астанадағы көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан ақша жинаған. Ведомство мәліметінше, құрылыс қажетті рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген.

Ер адам халықаралық іздеуде болған. ІІМ-нің нақтылауынша, ол Шымкентте ұзақ уақыт бой тығылып, жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып отырған. Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тұрғын үй кешені мен құрылыс компаниясының атауы айтылмады.

Қазақстанда құрылыс салушылар үлескерлердің ақшасын тек тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңның талаптарына сай тарта алады. Салынып жатқан үйден пәтер алмас бұрын компанияны қалай тексеруге болатынын airpress.kz үлестік құрылыс ережелері туралы материалында жазған болатын.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз