Қазақстанда жемшөп дайындау науқаны аяқталды: шаруалар алдағы қыстау кезеңіне барлық түрдегі 43 млн тоннадан астам жемшөп жинады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Ең көп дайындалғаны — пішен: 27 млн тонна, бұл жоспардың 105,2%-ы. Сабан 4,9 млн тонна (103,5%), сүрлем 2,9 млн тонна (105,3%), пішендеме 2,4 млн тонна (103,9%) жиналды. Құнарлы жем 5,7 млн тонна дайындалып, жоспар 100,3%-ға орындалды.
Жаңа өнімнен бөлек, шаруашылықтарда өткен қыстан қалған 3,6 млн тонна жемшөп бар. Сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мал және құс шаруашылықтары үшін, оның ішінде маусымаралық кезеңге арнап, 200 мың тонна жемдік астық қорын қалыптастырды.
Министрліктің айтуынша, негізгі жемшөп түрлері бойынша жоспардың асыра орындалуы қысқа резервтік және сақтандыру қорын жасауға мүмкіндік береді. Науқанның соңғы кезеңін ведомство облыс әкімдіктерімен бірге бақылап отыр.
Қыркүйектің басында министрлік елде 33,1 млн тонна жемшөп дайындалғанын хабарлаған еді. Бұл жоспарланған көлемнің шамамен 80%-ы болатын.



