Мазмұнға өту

Қызылорда облысында жасырын криптоайырбастаушылар сотталды

Сотталғандардың бірі есірткі сатудан түскен 600 млн теңгеден астам қаржыны бөгде адамдардың шоттары арқылы өткізіп, оны криптовалютамен есірткі саудагерлеріне аударған.

Дело о легализации наркодоходов через криптовалюту в Кызылординской области

Қызылорда облысында есірткі сатудан түскен табысты жылыстатқан заңсыз криптоайырбастау пунктін ұйымдастырушыларға үкім шықты. Сотталғандар үш және екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, олардан арнайы техниканың төрт бірлігі және 1 млрд теңгеден астам қылмыстық табыс тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА).

Агенттік дерегінше, олар криптовалютаны рұқсатсыз әрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңдарын айналып өтіп, Binance биржасының P2P-сервисі арқылы сатқан. Сатылған цифрлық активтердің көлемі 1 млрд теңгеден асқан, ал заңсыз айырбастаудан түскен табыс 178 млн теңге болған.

Тергеу анықтағандай, сотталғандардың бірі есірткі сатудан түскен ақшаны заңдастырған. Қаржыны қабылдап, аудару үшін дропперлер – өз банк шотын басқаның пайдалануына берген адамдар қолданылған. Олар арқылы 600 млн теңгеден астам қаржы өткен. Ақша криптовалютаға айырбасталып, есірткі саудагерлерінің әмияндарына жіберілген: барлығы 277 мың USDT аударым анықталған.

Қылмыстық табысқа жүк көліктері мен тіркемелер сатып алынып, жақын туыстарының атына рәсімделген. Техника коммерциялық қызметте пайдаланылып, компанияларға жалға берілген.

Клиенттерді сәйкестендірмей жұмыс істейтін заңсыз криптоайырбастау пункттерін ҚМА ақша жылыстату схемаларымен бірінші рет байланыстырып отырған жоқ. Агенттікте мұндай істерді тергейтін «Криптон» арнайы бөлімшесі құрылған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз