Мазмұнға өту

Абылай хан даңғылындағы автобус жолағы демалыс күндері де жұмыс істейді

Бұған дейін сенбі, жексенбі және мереке күндері бұл жолақпен барлық көлік жүре алатын, енді бұл күндері де оған шыққаны үшін айыппұл салынады.

Автобусная полоса на проспекте Абылай хана в Астане

7 қарашадан бастап Астанадағы Абылай хан даңғылының Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі бөлігіндегі автобус жолағы күн сайын, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда жұмыс істейді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. Жұмыс уақыты өзгермейді: жолақ сағат 06:30-дан 20:00-ге дейін қолданылады.

Өзгеріс жолақтың күшін тек жұмыс күндерімен шектеп келген 7.5.2 «Жұмыс күндері» қосымша ақпарат белгісінің алынуына байланысты. Белгі алынғаннан кейін бөлінген жолақ ережелері аптаның барлық күніне қолданылады.

Әкімдік автобус жолағына қатысты бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін, тіркелген бұзушылықтарға айыппұл салынатынын еске салды. Бөлінген жолаққа шыққаны үшін айыппұл мөлшері және онымен кімдердің жүруіне болатыны туралы airpres.kz бұған дейін жазған.

Қазіргі тәртіп Абылай хан даңғылында 2023 жылғы сәуірден бері қолданылып келді. Ол кезде қала пилоттық шара ретінде жеке көліктерге демалыс және мереке күндері жолақты пайдалануға рұқсат берген, шектеу тек жұмыс күндері сағат 06:30-дан 20:00-ге дейін сақталған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз