Мазмұнға өту

Хоккейден олимпиада чемпионы Михаил Васильев қайтыс болды

Игорь Ларионовтың айтуынша, бірнеше клубта оның көмекшісі болған Васильев бес жыл бойы өкпе обырымен күрескен.

Михаил Васильев, олимпийский чемпион 1984 года по хоккею

КСРО құрамасының сапында 1984 жылы олимпиада чемпионы, 1983 жылы әлем чемпионы атанған хоккейші Михаил Васильев 5 қарашада 65 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ол бапкерлер штабында жұмыс істеген КХЛ клубтары – Уфаның «Салават Юлаев» пен Санкт-Петербургтің СКА клубы хабарлады.

Қайтыс болу себебін кеңес хоккейінің аңызы Игорь Ларионов айтты. Васильев оның көмекшісі ретінде «Торпедо» мен СКА-да жұмыс істеген. Ларионовтың сөзінше, Васильев бес жыл бойы өкпе обырымен күрескен, ал соңғы күндері Ларионов оның қасында, Мәскеудегі госпитальда болған. «Көз алдымызда сөніп бара жатқаны байқалды, бірақ ол соңына дейін күресті», – деді Ларионов ТАСС агенттігіне.

Васильев 1962 жылғы 8 маусымда Мәскеу облысының Электрогорск қаласында туған. Шабуылшы 1981–1988 жылдары ЦСКА сапында ойнап, КСРО чемпионатында сегіз рет жеңіске жетті, кейін Ярославльдің «Торпедо» клубында өнер көрсетті. Сараеводағы олимпиада алтыны мен 1983 жылғы әлем чемпионы атағынан бөлек, ол құрамамен бірге 1987 жылғы әлем чемпионатында күміс, 1985 жылы қола медаль алды.

1990–2001 жылдары Васильев Италияда ойнап, «Больцано» құрамында ел чемпионатын екі рет ұтты, сондай-ақ Данияның «Рёдовре» клубында бір маусым өткізді. Мансабын аяқтаған соң Ресейдің жастар құрамасын және Беларусьтің юниорлар құрамасын жаттықтырды, «Красная Армия» командасымен жұмыс істеп, 2014 жылы оны МХЛ-дың күміс жүлдесіне жеткізді, «Торос» пен «Толпар» командаларын да баптады. 2020–2022 жылдары «Салават Юлаевтың» бапкерлер штабында болды. Соңғы жұмыс орны – Нижний Новгородтың «Торпедо» клубы, оны ол 2025 жылы тастап кетті.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз