Қазақстандағы айырбастау пункттерінде ресей рублінің сатылымы бір жылда екі еседен астам өсіп, тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Бұл деректерді ranking.kz сарапшылары келтіріп отыр.
2014 жылғы қыркүйектің өзінде айырбастау пункттері 45 млрд теңгенің рублін сатқан. Қыркүйекте ресей валютасына сұраныстың өсуі елдің 12 өңірінде тіркелді.
Астаналарды есептемегенде, рубльді ең көп Шығыс Қазақстан облысында сатып алған — 6 млрд теңгеге. Одан кейінгі орындарда 4,2 млрд теңгемен Батыс Қазақстан облысы және 4,1 млрд теңгемен Қостанай облысы тұр.
Екі астана — Астана мен Алматы — бірігіп 11,8 млрд теңгенің рублін сатып алды.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



