Мазмұнға өту

Павлодарда биыл қансорғыштардың жаңа түрі – мокрецтер пайда болды

Энтомолог Қанат Ахметов мокрецтердің көбеюін су қоймаларының қатты тасуымен байланыстырып, олардың түбін механикалық жолмен тазалауды ұсынды.

Павлодарда биыл өңір үшін жаңа шіркей түрі – мокрецтер пайда болды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында энтомолог Қанат Ахметов айтты.

Оның сөзінше, жәндіктер су қоймаларының қатты тасуы мен ылғалдың жоғары болуына байланысты көбейе бастаған. «Мокрецтер батпақтарда және өзеннің батпақты жерлерінде тіршілік етеді, дернәсілдері үш метр тереңдікке дейін тірі қалады», – деп түсіндірді Ахметов.

Мокрец шаққан жер қышып, аллергия пайда болады: жәндіктің сілекейінде теріні тітіркендіретін улы заттар бар. Қансорғыш түрлердің аналықтары жануарлар мен адамдарға көбіне таңертең және кешке шабуыл жасайды. Ересек мокрецтер сырт пішіні жағынан сұр-қоңыр түсті масаға ұқсайды, көлемі 2,5 мм-ден басталады, бір-екі ай өмір сүреді. ТМД елдерінде олардың 500-ден астам түрі бар.

Мокрецтермен шіркейге қарсы күрестегідей – су қоймаларын әуеден және жерден өңдеу арқылы күресу ұсынылады. Сонымен қатар энтомолог су түбін балдырдан механикалық жолмен тазартуға кеңес береді. «Сондықтан су қоймаларын механикалық тәсілмен де тазалаудың мәні бар», – деді Ахметов. Оның айтуынша, Семей мен Омбыда су қоймалары шамамен осынша, бірақ ол жақта су таза болғандықтан шіркей мәселесі жоқ.

Бұған дейін Павлодарда биыл шіркейге қарсы өңдеуге арналған препараттар жетпегені хабарланған.

«Радиоточка», Informburo.kz материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз