Мазмұнға өту

Маңғыстаудағы мектептің бас бухгалтері 14 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Прокуратураның мәліметінше, Мұнайлы ауданындағы №9 мектептің бухгалтері үш жыл бойы жалақы ретінде банк карталарына асыра сомалар аударып отырған.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокурорлары №9 жалпы білім беретін орта мектепте 14 млн теңгеден астам қаржының жымқырылғанын анықтады. Қадағалау органының мәліметінше, ақшаны мектептің бас бухгалтері иемденген. Бұл туралы tumba.kz хабарлады.

Заң бұзушылық бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын тексеру кезінде анықталды. «Тексеру барысында бас бухгалтердің жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын ақша қаражатын жымқырғаны анықталды», — деді Маңғыстау облысы прокурорының көмекшісі Нұрат Саматов.

Оның айтуынша, әйел үш жыл бойы жалақы деген желеумен банк карталарына заңсыз түрде асыра сомалар аударып отырған.

Мұнайлы аудандық прокуратурасы Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі (иемденіп алу) бойынша іс тіркеді. Материалдар әрі қарай тергеу үшін Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросына жолданды.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз