Мазмұнға өту

Хромтаудағы Дон ТБК шахтасында кен жұмысшысы қаза тапты

Бұл комбинаттағы тоғыз күн ішіндегі екінші өлім: 20 қазанда кәсіпорынның басқа шахтасында тау жынысы опырылып, үңгілеуші қаза тапқан.

Шахта, иллюстративное фото к гибели горнорабочего на Донском ГОКе в Хромтау
Иллюстративное фото: depositphotos.com

29 қазанда Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы Дон тау-кен байыту комбинатының Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтасында кен жұмысшысы қаза тапты. Ол вагондарды тіркеу кезінде жарақат алған. Жұмысшыны Хромтау аудандық ауруханасына жеткізді, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

ERG тобына кіретін «ТҰК «Қазхром» АҚ құрамындағы Дон ТБК-ның баспасөз қызметі марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, отбасына көмектесетінін жеткізді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жазатайым оқиға туралы ақпарат алғанын растады. Жұмысшы қазасының себебі мен мән-жайын еңбек инспекциясы өкілдері кіретін арнайы комиссия анықтайды.

Бұл комбинатта тоғыз күн ішінде болған екінші өлім жағдайы. 20 қазанда Дон ТБК-ның «Болашақ» шахтасында сақтандыру бекітпесін орнатып жатқан жас үңгілеушінің үстіне тау жынысы опырылып түсті. Сол кезде компания учаскедегі жұмысты тоқтатып, осындай учаскелердің бәрін жоспардан тыс тексеруді тапсырды, ал полиция тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Бұған дейін Ақтөбе облысында өндірістегі тағы бір жазатайым оқиға тергелді: Шалқарда ҚТЖ жұмысшылары бензин ағызу кезінде күйік алды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз