Мазмұнға өту

Атырауда қазандық жарылды: зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр

Жарылыс толқыны көрші тұрғын үйдің терезелерін сындырып, екі көлікті зақымдады, ал шығынды қала әкімдігінің айтуынша ғимарат иесі өтейді.

Последствия взрыва газовоздушной смеси в котельной в микрорайоне Авангард-2 Атырау 29 октября 2026 года
Кадр из видео очевидцев

29 қазан күні таңертең Атыраудың Авангард-2 шағын ауданындағы қазандықта болған жарылыстан зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Дәрігерлер оған қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылған. Одан кейін өрт шыққан жоқ. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері, полиция және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері барды.

Жарылыс толқынынан қазандықтан шамамен 12 метр жердегі көппәтерлі үйдің терезелері және екі жеңіл көлік зақымданды. Жарылыстың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Атырау қаласының әкімдігі келтірілген шығынды ғимарат иесі толық өтейтінін мәлімдеді. Мамандар сынған және зақымданған терезелерді өлшеп жатыр, оларды екі мердігер ұйым жөндейді. Әкімдіктің айтуынша, салдарды жою жұмысы мен зардап шеккен адамның жағдайын қала әкімі өзі бақылап отыр.

Соңғы айларда газ жарылысы елдің басқа қалаларында да болған. Алматыда тұрғын үйде газ жарылып, екі бала зардап шекті, ал Теміртауда газ тұтанып, зейнеткердің денесінің 75 пайызы күйді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз