Шымкент әкімдігі Теміртаудағы (Қарағанды облысы) ең ауқымды әрі көп талқыланған граффитидің авторы Павел Касты заманауи өнер фестиваліне шақырды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Суретшіні 13–15 мамыр аралығында өтетін Shymkent Art Days 2016 фестиваліне күтеді. Бұл – Шымкенттегі осындай ауқымдағы алғашқы өнер шарасы. Бағдарламада стрит-арт, поп-арт, мүсін, сәулет, дизайн, граффити және өнердің басқа да түрлері бар. Фестивальдің тақырыбы – «Послание современности» («Заманға жолдау»). Осы күндері қала суретшілер мен тұрғындар бірге өнер нысандарын жасайтын ашық алаңға айналады.
«Павел Кас – бейресми шығармашылықтың жарқын өкілі», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай. Оның айтуынша, суретшінің жұмыстары өзекті тақырыптарды қозғайды. Қала оны құшақ жая қарсы алады, ал ұйымдастырушылар Шымкентті көркейтетін жұмыстарға қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.
Теміртауда Павел Кас пен әріптестері тұрғын үйдің қасбетіне Анри Матиссның «Би» картинасының көшірмесін салған. Суретте адамдар түтіні будақтаған мұржаны айналып, би билеп жүр. Авторлар осылайша қоршаған ортаның ластануына наразылық білдірген. Жергілікті әкімдік мұны абаттандыру ережесін бұзу деп санады, сөйтіп сурет дау-дамайға айналды.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



