Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері Алматыдағы Almaty Towers кешеніндегі өртте қаза тапқан студенттердің отбасыларына бір күндік жалақысын аударуды ұйғарды. Бұл туралы 2016 жылғы 10 қарашада министрліктің ресми сайтында хабарланды.
Министрлік қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты. «Жастардың қазасы бүкіл еліміз үшін қасірет болды», делінген БҒМ хабарламасында. Ведомство дәл қазір ең ауыры ата-аналарға екенін атап өтті. «ҚР БҒМ қызметкерлері қаза тапқан студенттердің отбасыларына бір күндік жалақысын аудару туралы бірауыздан шешім қабылдады», деді министрлікте.
Хабарламада қаза тапқандардың есімдері аталды: Нұрлыбек Сартпаев, Еламан Айдаралиев, Абылайхан Зулпибеков, Ёкубжон Тохтамышев және Исмаилжон Исраилов. Олар Алматыдағы Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты жоғары оқу орындарында оқыған.
Almaty Towers кешеніндегі өрт 6 қарашада сағат 18:00-ден кейін басталды. Екі 25 қабатты мұнараға жалғасып тұрған алты қабатты ғимараттың шатыры жанды. Өрт 1800 шаршы метр аумақты қамтыды, оны сағат 20:36-да сөндірді. Қолда бар деректерге қарағанда, барлығы алты адам қаза тапты. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Радиоточка», Sputnik Қазақстан материалдары бойынша.



