Режиссер Питер Берман ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильинге арналған «Шипы и розы» («Тікен мен раушан») атты өлеңдер жинағын шығарды. Кітап келесі аптаның басында дүкендерге түседі. Бұл туралы Берман «Радиоточка» тілшісіне телефон арқылы айтты.
Автордың айтуынша, кітапты арнау ойы Ильиннің Талғат Ермегияевтың сот отырысына келіп, оны қолдап сөйлегенінен кейін туған. Берман спортшының батылдығына тәнті екенін жеткізді. Ол Ермегияевтың бір кездері өзіне де көмектескенін еске алды, бірақ өзі мұндай жағдайда «аузын ашуға қорқар еді».
Берман Ильинді сөзінде тұратын адам деп атады. Оның айтуынша, штангистің ауыр салмақ дәрежесіне ауысуы туралы сөз болғанда, Ильин өз дұрыстығын дәлелдеуге уәде беріп, әлем чемпионы атанған. Режиссер сондай-ақ Ильиннің Грозныйда ескі гимннің орындалуын тоқтатып, жаңасын орындатқанын айтты. Берман спортшыны патриот деп атады.
Жинаққа 75 шығарма енген: мысалдар, лирикалық және саяси өлеңдер. Ильиннің өзіне тек екі өлең арналған.
Берманның айтуынша, Ильин кітап туралы жаңалықты өте жақсы қабылдаған.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



