Мазмұнға өту
2026 жылғы 11 қараша, сәрсенбі

Алматыда 12 жасар баланы өлтіру ісі: жасөспірім арнаулы мектепке жіберілді

Жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал өзі полицияның профилактикалық есебіне қойылды.

Судейский молоток на столе
Иллюстративное фото: Pexels

Алматының Түрксіб ауданында 12 жасар баланы өлтіру туралы қылмыстық іс тоқтатылды: күдікті шабуыл кезінде 13 жаста болған, сондықтан заң бойынша оны соттауға болмайды. Сот жасөспірімді бір жылға ерекше режимдегі арнаулы мектеп-интернатқа жіберді. Қаза тапқан баланың отбасы бұл шешіммен келіспейді.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиғаның ізсіз қалмағанын атап өтті. «Қылмыстық істің тоқтатылуы болған оқиғаның салдарсыз қалғанын білдірмейді», — деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, заңға сәйкес шаралар жасөспірімге де, оның ата-анасына да қолданылған: ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал жасөспірімнің өзі профилактикалық есепке қойылды, полиция оның мінез-құлқын үнемі бақылап отырады.

Қаза тапқан баланың анасы КТК телеарнасына берген сұхбатында отбасы шешіммен «мүлде келіспейтінін» айтты. Оның сөзінше, бір жылда жасөспірім ештеңе түсінбейді, ал шабуыл кездейсоқ болған жоқ — «ол дайындалған». Ана бұл іске қатысы бар барлық адамның жазалануын қалайды.

Жасөспірімнің сотталмау себебі мынада: Қазақстанда қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталады, ал кісі өлтіру және бірқатар басқа ауыр қылмыс үшін 14 жастан туындайды (Қылмыстық кодекстің 15-бабы). Күдікті маусымда 13 жаста болған, яғни бұл межеге бір жыл жетпеген.

Шабуыл 10 маусымда кешке Түрксіб ауданындағы әскери қалашық аумағында орналасқан жатақханада болды. Бала пышақ жарақатынан көз жұмды. Алғашында әлеуметтік желілерде шабуыл жасаған екі жасөспірім туралы жазылды, бірақ тергеу тек бір 13 жасар баланың қатысы барын анықтады — ол ұсталып, арнаулы мекемеге орналастырылды. Сол кезде полиция жанжал жеке араздықтан туындағанын хабарлаған, ал отбасының айтуынша, оған екеуіне де ұнаған бір қыз себеп болған. Жазда біз бұл істің тергеуі қалай жүргенін егжей-тегжейлі жазғанбыз.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз