Мазмұнға өту

Қазақстандықтар екінші күн әлеуметтік желіде фуа-гра, банан мен Land Cruiser туралы әзілдеп жатыр

Мемдерге Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмола облысында делікатес пен қымбат жол талғамайтын көлікті қажет етпей-ақ өмір сүруге шақырған сөзі себеп болды.

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары президенттің сөзінше онсыз да оңай күн көруге болатын тағамдар туралы мемдер мен әзілдерді екінші күн қатарынан жариялап жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барғанда ел тұрғындарын фуа-гра, банан және Land Cruiser жол талғамайтын көліктерінен бас тартуға шақырған.

«Радиоточка» пікірлерден іріктеме жасады. Назира Дюшеева: «Қазақша фуа-гра. Кеше ғана күйеуім екеуміз жедік)», – деп жазды. Мадина Абдрашитова: «Ал менде қазақстандық фуа-гра бар)))», – деп мақтанды.

Алексей Курапов бірден бірнеше әзілімен бөлісті. Бір жазбасына ол: «Осы қоқыстың ішінде мен тек оған ғана сене аламын. Ол келеді де құтқарады. Ол болмаса, кім?» – деп қол қойды. Екіншісіне – «Олигархтың таңғы асы. Тойласаң, тойла».

Ольга Агапова: «Лэнд Крузердің капотында суретке түскім келіп еді, бірақ аяқ киім киюге ерініп қалдым», – деп әзілдеді. Іріктемеге Аян Шарипбаев пен Zhenis Sharipuly қолданушылардың жазбалары да енді.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз