Қарағанды облысының өкілі, екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева 2026 жылғы бокстан Қазақстан чемпионатында 65 келіге дейінгі салмақта алтын медаль алды. Ол 6 қарашада Таразда өткен финалда шымкенттік Лаура Есенгелдіні төрешілердің бірауыздан шешімімен, 5:0 есебімен жеңді. Есенгелді күміс медальға ие болды.
Әбікеева — Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі. 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатының 65 келіге дейінгі салмақтағы финалында ол өзбекстандық Навбахор Хамидоваға алғашқы екі раундта есе жіберді. Алайда үшінші раундты 3:0 есебімен ұтып, алтынды қанжығасына байлады. 2024 жылы Әбікеева Азия чемпионы атанған. Финалдағы қарсыласы жазда Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing әлем кубогы кезеңінде ширек финалға дейін жеткен.
Бұған дейін Әбікеева 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында қытайлық Ли Шуға жеңіліп, медальсыз қалған еді. Таразда 30 қазанда басталған ел чемпионатына 20 өңірден 369 боксшы қатысты. Жарыстың соңғы күні Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта, ал Дәулет Төлемісов Сағындық Тоғамбайды жеңіп, чемпион атанды.



