Мазмұнға өту
2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі

Инфантино Кушнерлермен ӘЧ үлесін сату туралы жасырын келіссөз жүргізген — Telegraph

Британ газетінің есебінше, мәміле шамамен 15 млрд фунт стерлинг, яғни 8,8 трлн теңгедей болуы мүмкін еді.

Президент ФИФА Джанни Инфантино на трибуне матча женского чемпионата мира U-20
Фото: AP

ФИФА президенті Джанни Инфантино әлем чемпионатындағы үлесті сату жөнінде америкалық миллиардерлер Кушнерлер отбасымен шамамен он ай бойы жасырын келіссөз жүргізген. Бұл 2026 жылдың жазында жоспар федерацияларға ұсынылғанға дейін болған. Бұл туралы редакцияның қолына түскен құжаттарға сілтеме жасап The Telegraph жазды, Off The Pitch хабарлауынша. Газет деректері бойынша, мәміле шамамен 15 млрд фунт стерлинг, яғни 8,8 трлн теңгедей бағаланған.

Басылымның мәліметінше, байланыс 2025 жылғы қыркүйектің ортасында Цюрихте басталған. Сол жылғы 4 қарашада Инфантино АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің америкалық кеңсесінде өткен кездесуге қатысқан. Кейін келіссөз оның інісі Джошуа Кушнермен жалғасқан, ол кейін жобаның басты инвесторы аталды. Газеттің айтуынша, келесі айларда Кушнерлер отбасы мүшелерімен және олардың өкілдерімен кемінде он кездесу өткен.

FIFA Forward Enterprise деп аталған жобаны ФИФА 2026 жылғы шілдеде жария түрде таныстырды: инвесторларға әлем чемпионаты мен басқа турнирлердің коммерциялық құқықтарының 20 пайызы ұсынылды. Жоспарды қолдаған федерацияларға 20 млн доллардан беру уәде етілді. Оған УЕФА сотқа жүгінемін деп қарсы шықты, КОНКАКАФ пен Азия конфедерациясы да наразылық білдірді, сөйтіп 31 шілдеде Инфантино бұл ниетінен бас тартты. ФИФА жобаның жабылғанын және оған енді қайта оралмайтынын растап отыр.

Жаңа мәліметтер 2027 жылғы наурызда өтетін ФИФА президенті сайлауына бірнеше ай қалғанда шықты. Инфантино төртінші мерзімге үміткер, оған қарсы швейцариялық Рамон Вега мен жапониялық Кодзо Тасима түспек. Ал L’Équipe мәліметінше, Арсен Венгер сайлауға түспеуі мүмкін.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз