Мазмұнға өту
2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі

Шайдоров жаттықтырушысы Урмановпен қоштасты

Министр жаңа бапкердің есімін атамады, бірақ олимпиада чемпионы командасын өзі таңдауға құқылы екенін айтты.

Олимпийский чемпион по фигурному катанию Михаил Шайдоров
Фото: Sports.kz

Милан-2026 Олимпиадасының мәнерлеп сырғанаудан чемпионы Михаил Шайдоров енді Алексей Урмановпен жұмыс істемейді: олардың келісімшарты бұзылды. Бұл туралы 19 қарашада Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды Kursiv.media.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бүгінде Михаил Шайдоровтың жаңа олимпиадалық циклі жүріп жатыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, иә, Алексей Урмановпен келісімшарт бұзылды», — деді министр. Спортшының жаңа жаттықтырушысы кім болатынын ол нақтыламады. Мырзабосыновтың айтуынша, министрлік спортшыны қолдайды, ал ол олимпиада чемпионы ретінде жаңа команда таңдап, жаңа элементтерді меңгеруге құқылы. Жыл басынан бері Шайдоров 13 оқу-жаттығу жиынынан өтіп, төрт-бес жарысқа қатысқан.

Министр Урмановқа соңғы үш жылда фигуристің командасымен атқарған зор еңбегі үшін алғыс айтып, оның қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың жаңа буынын даярлауды жалғастыратынына үміт білдірді. Урмановтың өзі де олимпиада чемпионы: ол 1994 жылы Лиллехаммер Ойындарында ерлер арасындағы жекелей сырғанауда алтын алған.

Оның жетекшілігімен Шайдоров 2026 жылғы 13 ақпанда Милан Олимпиадасында 291,58 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Бұл – Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудағы тұңғыш олимпиадалық алтыны әрі елдің 1994 жылдан бергі қысқы Ойындардағы алғашқы жеңісі. Ол жолы шаңғышы Владимир Смирнов чемпион атанған еді. Бір жыл бұрын алматылық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі Төрт құрлық чемпионы болған.

Фигуристің бапкерімен жолы айырылатыны туралы әңгіме ақпанда, ол Олимпиададан оралған соң-ақ айтыла бастаған. Жаңа маусымда Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алып, кейін Гран-при финалына іріктелу мүмкіндігінен айырылды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз