Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Риддердегі бейнеге түскен аю күшігі хайуанаттар бағында жүр

Аю күшігін Риддер тұрғындары 2024 жылы тауып алған, содан бері ол Камышинка ауылындағы хайуанаттар бағында ержетіп қалды.

Молодой бурый медведь, иллюстративное фото
Иллюстративное фото: Charles J. Sharp / Wikimedia Commons

Риддерде полиция екі ер адамның көлікпен кішкентай аю күшігін алып бара жатқан бейнежазбасын тексеріп, жазбаның ескі екенін, ал аңның аман-есен хайуанаттар бағында жүргенін анықтады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.

Бейне қаладағы Instagram пабликтерінің бірінде жарияланған. Онда бір ер адам көлік жүргізіп келеді, ал екіншісі жолаушы орындығындағы аю күшігін желкесінен ұстап отыр. Тұрғындар мен паблик әкімшісі ер адамдардың аюды қайдан алғанын, қайда апара жатқанын және оның жағдайы қалай екенін сұрап, полицияның араласуын өтінген.

25 қарашада бейнеге түскен ер адамдар мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. «Тексеру барысында бейнежазбаға қатысқандардың барлығы анықталып, олардан түсініктеме алынды. 2024 жылғы сәуірде Риддер тұрғындары тауып алған аю күшігі әрі қарай бағып-күту үшін Камышинка хайуанаттар бағына берілгені белгілі болды. Оны растау үшін ержетіп қалған аюдың бейнежазбасы ұсынылды», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінде.

Хайуанаттар бағы Шемонаиха ауданындағы Камышинка ауылында орналасқан. Ол жергілікті шаруа қожалығы басшысының бастамасымен ашылған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз