Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Алматыда Наурызбай батыр көшесіндегі арықтар қалпына келтіріліп жатыр

Көшені бұрынғы қалпына келтіру жұмысын рұқсатсыз тұрақ жасамақ болған жеке тұлғаның өзі атқарып жатыр.

Демонтированный асфальт и арыки на улице Наурызбай батыра в Алматы
Фото: Threads / 01zhass

Алматыдағы Наурызбай батыр көшесінде жаңа төселген асфальт алынып, көлік тұрағы үшін бұзылған арықтар қайта салынып жатыр. Алмалы ауданының әкімдігі тұрақ қалтасын рұқсат құжаттарынсыз жеке тұлға жасамақ болғанын түсіндірді. Жұмыс тоқтатылды.

Бұл біртүрлі жұмысты тұрғындар байқаған. Threads желісіндегі 01zhass лақап атты қолданушының айтуынша, 19 қарашада осы учаскедегі бетон арықтар алынған. Тұрғындарға олардың орнына жабық арық пен көлік тұрағы жасалатынын айтқан. Көп ұзамай жаңа асфальтта көліктер тұрды, ал 25 қарашада жабынды қайта алып, бұрынғы жиектастар мен арықтарды қалпына келтіре бастады.

«Қазіргі уақытта аталған жұмыстар тоқтатылды. Жеке тұлға аумақты бастапқы қалпына келтіру, бұрынғы абаттандыру мен аумақ элементтерін қайта орнату жұмыстарын бастады», — деп жауап берді аудан әкімдігі.

Яғни бәрін бұрынғы орнына келтіру міндеті енді тұрақ жасауды бастаған адамның өзіне жүктеліп отыр. Оның рұқсатсыз жұмыс үшін жазаланған-жазаланбағанын әкімдік хабарламады.

Алматыдағы арықтар — көшедегі ағаштарды суаратын жүйенің бір бөлігі, сондықтан оларды рұқсатсыз өзгертуге болмайды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз