Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Алматыда Қастеев музейінің алдындағы шыршалар саябақтарға көшірілді

Шыршаларды көшіру жұмысын учаске иесі өз қаражатымен атқарды, ал олардың орнына жаңа ағаштар отырғызылады.

Крупная ель на улице Сатпаева в Алматы перед пересадкой
Фото: акимат Алматы

Алматыда Сәтбаев көшесінің бойында, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне қарама-қарсы өсіп тұрған ірі шыршалар сақталып қалды: оларды кесудің орнына қаладағы саябақтар мен скверлерге көшіріп отырғызды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Ағаштар өскен учаскенің иесі бастапқыда оларды кесіп тастамақ болған. Мәселе қаралғаннан кейін шыршаларды кеспей, басқа жерге көшіру туралы шешім қабылданды. Әкімдіктің түсіндіруінше, ағаштар бір-біріне тым жақын өсіп, қалыпты дамуына кедергі келтірген. Көшіру жұмысын аумақ иесі — заңды тұлғаның өзі қаржыландырды. Жұмыс агротехникалық талаптарға сай жүргізілді, ал босаған орындарға жаңа ағаштар егіледі.

Шыршаларды қалай көшіргенін әкімдік Telegram-арнасындағы бейнежазбада көрсетті:

Әкімдік бұл шара қаладағы жасыл желекті сақтауға және көгалдандыруды арттыруға бағытталғанын атап өтті. Шыршалардың нақты қай саябақтарға отырғызылғаны айтылмайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Сәтбаев көшесіндегі шыршалардың маңында жүргізілген жұмыстардың бейнесі тарап, алматылықтар ағаштардың тағдырына алаңдаған еді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз