Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Формула-1: Бирман «Хааспен» келісімшартты 2027 жылға ұзартты

Команда басшысы Аяо Комацу келісімшартты ұзартуды табиғи шешім деп атады, ал британдықтың өзі командамен аяқталмаған істері қалғанын айтты.

Пилот «Хааса» Оливер Бирман на Гран-при Лас-Вегаса
Фото: Formula 1

«Хаас» Оливер Бирманмен келісімшартты ұзартты: британдық америкалық командада 2027 жылғы маусымда да өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Формула-1». Бирман келесі жылға расталған соңғы пилот болды, енді 2027 жылғы барлық командалардың құрамы толық белгілі. Ол үшін бұл «Хаастағы» қатарынан үшінші маусым болмақ.

Команда бұл жаңалықты бейсенбіде, Катар Гран-приі қарсаңында жариялады. Соңғы апталарда Бирманның болашағы туралы алыпқашпа әңгімелер көбейген еді, ал Лас-Вегас Гран-приі алдында гонщиктің өзі келісімшартқа қол қою созылып кеткеніне көңілі толмайтынын ашық айтқан.

«Оллимен 2027 жылы да бірге жұмыс істеу біз үшін табиғи шешім болды. Біз оның өсуін, адалдығын және командаға трассада да, одан тыс жерде де не беретінін көрдік. Ол керемет еңбекқор, өзі де дамып, команданы да дамытуға қатты ұмтылады. Менің ойымша, бұл команданы алға бастайтын одан артық адам жоқ. TGR Haas F1 Team пелотондағы ең қызықты пилоттар құрамының біріне ие, Оллидің осы керемет командада әрі қарай ашыла түсетінін күтемін», — деп мәлімдеді «Хаас» басшысы Аяо Комацу.

«Мен TGR Haas F1 Team сапында 2027 жылы да өнер көрсететініме қатты қуанып отырғаным ешкімге құпия емес. Бұл команда менің дамуымда шешуші рөл атқарды, мұндағы барлық адамнан зор сенім мен қолдауды сездім. Бізде алға жылжи беру жөнінде үлкен мақсаттар бар. Осы жұмысты бастап, қол жеткізгенімізге сүйене отырып, бірге одан да көпке ұмтылатыныма қуаныштымын — бізде аяқталмаған істер қалды», — деді Бирман.

Оливер Бирман Лас-Вегас Гран-приінің жаттығуында Haas VF-26 көлігін жүргізіп келеді
Фото: Formula 1

Бирман — «Феррари» академиясының түлегі. «Формула-1-де» ол 2024 жылы Сауд Арабиясы Гран-приінде тұңғыш рет бақ сынады: сонда «Феррариде» Карлос Сайнстің орнына шығып, Скудерия тарихындағы ең жас пилот атанды. Сол маусымда ол «Хаас» үшін тағы екі жарысқа қатысты, ал 2025 жылдан бері командада тұрақты өнер көрсетіп келеді. Британдықтың үздік нәтижесі — Мехикодағы төртінші орын, биылғы жеке есепте ол 13-орында тұр.

2027 жылы Бирманның серіктесі «Ферраридің» тағы бір жас пилоты — бразилиялық Рафаэл Камара болады. Команда Эстебан Оконмен қоштасқаннан кейін оны екінші көлікке мерзімінен бұрын отырғызды: Камара маусымның соңғы екі жарысында «Хаас» сапында шығады және «Формула-2» чемпионатын аяқтамайды, дегенмен кіші сериядағы жалпы есепте көш бастап тұр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз