Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Махачев UFC-дің орта салмағына ауысуды жоққа шығармады

Махачев UFC-де қатарынан 17 жеңіске жетіп келеді, ал соңғы жекпе-жегін тамызда өткізіп, Иэн Гэрриді жеңген.

Чемпион UFC в полусреднем весе Ислам Махачев
Фото: Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев бір күні орта салмаққа көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ әзірге мұндай қадамды байыппен жоспарлап отырмағанын мойындады. 35 жастағы ресейлік бұл туралы «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында айтты.

Орта салмаққа ауысуды қарастырып жүрсің бе деген сұраққа Махачев былай деп жауап берді: «Ойымда бар. Бірақ бұл соншалықты байыпты жоспар емес. Өте қиын болады, бұл мен ғана шешетін мәселе емес. Командамен отырып, көреміз».

UFC-де жартылай орта салмақтың шегі — 77 келі, орта салмақтікі — 84 келі, яғни ауысу үшін тағы жеті келі қосуға тура келеді. Махачев шыңға жолын жеңіл салмақтан (70 келіге дейін) бастап, сол дивизионда чемпион белбеуін иеленген, ал соңғы екі жекпе-жегін жартылай орта салмақта өткізді. Орта салмақтың белбеуі қазір америкалық Шон Стриклендте.

Махачев UFC-де қатарынан 17 жеңіске жетіп келеді, жалпы есебінде 29 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Соңғы жекпе-жегін ол 16 тамызда Филадельфиядағы UFC 330 турнирінде өткізіп, бес раундтан кейін ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Чемпионның келесі қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ. Бразилиялық Карлос Пратестің айтуынша, олардың жекпе-жегі қаңтарға келісілген, бірақ кейін UFC оған Махачевтің бас тартқанын хабарлаған. Енді Пратес оны ММА-дан кетуге мәжбүрлеуге уәде беріп отыр. Бұрынғы чемпион Тайрон Вудли тіпті UFC-ден ресейлікті белбеуден айыруды талап етті.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз