Мазмұнға өту

Алматы метросы: «Алатау» кіреберісі судан құм қаптармен қорғалды

Екі апта бұрын, 11 қарашада, күздің алғашқы қатты нөсері кезінде дәл осы бекетті су басқан болатын.

Мешки с песком у входа на станцию метро «Алатау» в Алматы
Фото: ram_av / Threads

Алматыдағы «Алатау» метро бекетінің кіреберісіне жаңбыр кезінде құм толтырылған қаптар қойылды – баспалдақты жаңбыр суынан осылай қорғаған. Баспалдақтағы қаптардың суретін Threads-те ram_av лақап атты қолданушы жариялады, содан кейін бұл шешімді әлеуметтік желіде талқылай бастады.

Пост авторы Алматы метрополитенінің аккаунтына жүгінді: «Өткен тәжірибеден сабақ алып, «Алатау» бекетін су басу мәселесін шешудің ұқыпты, жоғары технологиялық әрі барынша инклюзивті жолын тапты. Өйткені жүріп-тұруың шектеулі болса немесе көру қабілетің нашар болса, метрода саған қуанбайды». Пост астында да бұл шешімді әзілмен талқылап жатыр.

ram_av-тың бекет кіреберісіндегі қаптардың суреті бар Threads-тегі посты:

Threads-тегі жарияланымды қарау

Бостандық ауданының әкімдігі түсіндіргендей, қаптар Жароков көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы метро бекетінің баспалдағына жаңбыр суы түспеуі үшін уақытша қойылған, деп хабарлайды Informburo.kz. Жароков көшесінің жоғарғы жағынан ағатын су төмен қарай – дәл метро кіреберісіне құяды. Әкімдіктің дерегінше, бекет маңында су жиналған не су басқан жағдай тіркелмеген.

«Алатау» жолаушыларына қаптар енді кедергі келтірмейді: аудан әкімдігі кіреберістің қаптардан тазартылған суретін жариялады. Алматыда құм толтырылған қаптарды қатты жаңбырға қарсы дайын ұстайды: 27 қарашадағы нөсерге қалада осындай 5 мың қап әзірленіп, 85 бригада кезекшілікке шықты.

Қаптар алынғаннан кейінгі Алматыдағы «Алатау» метро бекетінің кіреберісі
Фото: акимат Бостандыкского района

Бұл бекетті екі апта бұрын су басқан еді: 11 қарашада күздің алғашқы қатты нөсері кезінде «Алатау» кіреберісіне су толды. Сол кезде Алматының жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы суды 30 минутта сорып алғанын мәлімдеді. Қазір синоптиктер жауын-шашынға байланысты Алматы мен облыста өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз