Соңғы бес күнде Қазақстан полициясы сот жүргізуші куәлігінен айырған, бірақ соған қарамастан рульге отырған 245 жүргізушіні ұстады. Бұл туралы 20 қарашада таңертең ІІМ хабарлады.
Ұсталған 245 адамның 115-і әкімшілік қамаққа алынды, тағы 130-ы айыппұл арқалады. Барлық 245 көлік айып тұрағына жөнелтілді.
Ведомство ешқандай жеңілдік болмайтынын ескертті: «Жүргізуші куәлігінен айыру көлікті басқаруға толық тыйым салу дегенді білдіреді. Ешқандай ерекшелік болуы мүмкін емес. Полиция мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң тосқауыл қояды. Бұл жерде әңгіме жай ғана қағиданы сақтау туралы емес, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі туралы болып отыр. Заң мен тәртіп әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады».
Жүргізуші үшін мұның мәні мынадай: құқығынан айыру мерзімі аяқталмайынша, рульге отырған әр сапар қамаққа немесе айыппұлға әкеліп соғуы мүмкін, ал көлік айып тұрағына жіберіледі.
Полиция мұндай тәртіп бұзушылар туралы өңірлерде үнемі хабарлап отырады. Сонымен қатар 20 қарашадан бастап Қазақстанда жол жүрісі қағидаларына енгізілген бес түзету күшіне енді.



