Мазмұнға өту

Майли Сайрус осы демалыста Макс Морандоға тұрмысқа шығады — TMZ

Басылымның дерегінше, той Оңтүстік Калифорнияда өтеді, ал оның мән-жайы әзірге құпия сақталып отыр.

Певица Майли Сайрус
Фото: Wikimedia Commons

Майли Сайрус осы демалыс күндері күйеу жігіті, музыкант Макс Морандоға тұрмысқа шығады. Бұл туралы 19 қарашада, бейсенбі күні жағдайдан тікелей хабардар дереккөздерге сілтеме жасап, TMZ хабарлады. Әншінің өзі мен оның өкілдері бұл ақпаратқа әзірге пікір білдірген жоқ.

Басылымның дерегінше, жұп Оңтүстік Калифорнияда үйленеді. Той қай жерде өтетіні және оған кімдер шақырылатыны әзірге құпия. TMZ Сайрустың тойдың жақын екенін бұрын да аңғартқанына назар аударады: қазан айында ол Лос-Анджелестегі «Голливуд-боул» сахнасына Морандоны шығарып, екеуі бірге «Let’s Get Married» әнін орындаған.

Сайрус пен Морандо былтыр құда түскен. Кейін әнші ұсыныс өзі үшін мүлде күтпеген жағдай болғанын айтқан. Жұп 2021 жылдан бері бірге. Морандо — Liily инди-тобының барабаншысы, ол Сайрустан алты жас кіші.

Әнші үшін бұл екінші неке болмақ. 2018 жылы ол «Аштық ойындары» фильмінің жұлдызы, австралиялық актер Лиам Хемсвортқа тұрмысқа шыққан, бірақ бір жыл толмай жатып жұп ажырасатынын жариялады.

Майли Сайрус жасөспірім кезінде Disney арнасының «Ханна Монтана» сериалы арқылы танылды. Кейін ол табысты жеке мансап құрды: оның 2023 жылғы «Flowers» хиті әлемдегі ең танымал әндердің біріне айналып, әншіге алғашқы «Грэмми» марапаттарын әкелді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз