Мазмұнға өту
2026 жылғы 25 қараша, сәрсенбі

Екібастұз ГРЭС-1-де жұмысшы қаза тапты: еңбек инспекциясы тергеу бастады

Әлеуметтік желіде станцияда бір аптада екінші адам қаза болды деген ақпаратты ведомство растамады.

Экибастузская ГРЭС-1: экологи выявили превышение выбросов
Экологи проверяют экибастузскую ГРЭС-1 после остановки энергоблока

Павлодар облысында Бұлат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 аумағында мердігер ұйымның жұмысшысы қаза тапты. Жазатайым оқиға 19 қарашада болған, ал 25 қарашада бұл туралы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті хабарлады.

Мемлекеттік инспекторлар өліммен аяқталған жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Жұмысшының қалай қаза тапқаны, аты-жөні және қай мердігер компанияда істегені әзірге айтылмады.

Бұған дейін Instagram-да станцияда өткен аптада екі адам қаза болды деген жазба пайда болған. Еңбек инспекциясы тек бір өлімді растады. «Бір жазатайым оқиға тіркелді», — деді департаментте. Сондай-ақ осы кәсіпорында болған басқа оқиғалар туралы мәліметі барларды инспекторларға хабарлауды сұрады.

Қуаты 4000 МВт болатын Екібастұз ГРЭС-1 — Қазақстандағы көмірмен жұмыс істейтін ең ірі электр станциясы. Ол «Самұрық-Энерго» тобына кіреді және Екібастұздан 16 шақырым солтүстікте, Жеңгелді көлінің жағасында орналасқан.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз