Мазмұнға өту
2026 жылғы 16 қараша, дүйсенбі

Риелторлар үшін бірыңғай қағидалар мен кәсіби стандарт әзірленуде

Риелтор қызметіне тапсырыс бермеген азаматтардан комиссия алмау, ал оның мөлшері мен төлеу тәртібін шартта міндетті түрде көрсету ұсынылып отыр.

Риелторы-переходят-на-новые-правила:-что-ждет-казахстанский-рынок
Риелторы переходят на новые правила: что ждет казахстанский рынок

Сауда және интеграция министрлігі Құрылтай депутаттарымен және кәсіби қоғамдастықпен бірге риелторлық қызмет нарығын реттеу шараларын әзірлеп жатыр. Ведомство риелторлық қызмет көрсетудің бірыңғай қағидаларын енгізуді ұсынады: онда мамандардың жұмыс тәртібі, шартқа қойылатын талаптар және клиенттермен жұмыс істеу шарттары айқындалмақ. Бұл туралы министрлік 16 қарашада хабарлады.

Негізгі өзгерістер шарттарға қатысты. Шартта қызметтердің тізбесі мен құны, комиссиялық сыйақының мөлшері мен оны төлеу тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері нақты жазылуы тиіс. Риелтор қызметіне тапсырыс бермеген азаматтардан комиссия алуға тыйым салу ұсынылып отыр. Сондай-ақ клиент маманның кімнің мүддесін қорғайтынын және нақты не үшін ақы төлейтінін алдын ала білуі керек.

Риелторлардың өздеріне қойылатын талаптар да күшеймек. Министрлік ұлттық стандарт негізінде қызмет сапасына, кәсіби әдепке, мәмілелерді сүйемелдеуге және клиенттермен жұмысқа қатысты міндетті талаптар белгілеу мүмкіндігін қарастырады. Қатар риелтордың кәсіби стандарты әзірленіп жатыр, онда мамандарға қажетті білім, дағды және біліктілік айқындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге риелторларды реттелетін кәсіптер тізбесіне енгізу мәселесі талқыланады. Бұл жағдайда біліктілікті растауға тура келеді, ал оны тексеру тетігі аккредиттелген ұйымдардың қатысуымен пысықталып жатыр.

Тағы бір ұсыныс – өзін-өзі реттеу жүйесін дамыту. Кәсіби бірлестіктер өз мүшелеріне талап қойып, кәсіби әдептің сақталуын қадағалай алады, тұтынушылардың шағымдарын қарап, тәртіп бұзған мамандарға шара қолданады. Бұдан бөлек министрлік депутаттармен бірге қызметті таңуға, шарттағы әділетсіз талаптарға және комиссияны негізсіз өндіріп алуға тосқауыл қоятын заңнамалық шараларды талқылап жатыр.

Қазір Қазақстанда риелторлардың бірыңғай тізілімі де, олардың біліктілігіне қойылатын ортақ талаптар да жоқ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, риелторлық қызметті реттеу туралы заң жобасы Құрылтайда қаралып жатыр. Үкімет риелторлық қызмет көрсету тәртібі, лицензиялау және осы саладағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бастамаларға үш оң қорытынды берген.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз