Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне 14 ауруды емдеуге арналған 22 заманауи препаратты енгізді. Тізбенің биыл жаңартылғанын министрлік хабарлады.
Бағдарлама 76 ауру бойынша 2,1 млн пациентті қамтиды. Олар осы бағдарлама аясында алатын дәрілердің жалпы құны шамамен 245 млрд теңге.
Сатып алу тәртібі де өзгерді. 2025 жылдан бері препараттарға қажеттілік әр пациенттің деректері мен оған тағайындалған ем негізінде жеке есептеледі. Алғаш анықталған науқастар дәрі күтіп қалмауы және ем қабылдап жүргендердің емі үзілмеуі үшін азайтылмайтын қор жылдық сатып алу көлемінің 35%-ына дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар препараттарды өңірлер мен медициналық ұйымдар арасында жедел қайта бөлуге мүмкіндік бар.
Бұған дейін министрлік биылғы тоғыз айда елде 1048 дәрі тіркелгенін хабарлап, келесі кезекте препараттарды амбулаториялық қамтамасыз ету мен Бірыңғай дистрибьютор тізбелеріне енгізу цифрландырылатынын айтқан.



