Мазмұнға өту

Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

41 жастағы шабуылшы Португалия құрамасы сапындағы алғашқы матчын 2003 жылы Қазақстан құрамасына қарсы өткізген.

Криштиану Роналду в футболке сборной Португалии

Сауд Арабиясының «Ән-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 5 қарашада Португалия құрамасы сапындағы өнерін аяқтайтынын мәлімдеді. 41 жастағы футболшы ұлттық командадағы 23 жылын қорытындылаған бейнеүндеу жариялады.

Роналду құрама сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соқты. Бұл екі көрсеткіш те ерлер футболында ұлттық құрамалар деңгейіндегі рекорд саналады.

«Құраманың жетінші нөмірлі футболкасын қайтаратын күн келді», – деді Роналду. Жарияланымға жазған түсініктемесінде ол Португалия әрдайым өзінің бір бөлшегі болып қала беретінін айтты.

Футболшы құрамадағы мансабынан түсірілген кадрлары бар үндеуін Instagram-да жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Роналду ойнаған жылдары Португалия 2016 жылғы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті. Бұл – құрама тарихындағы жалғыз ірі турнир жеңісі. Сондай-ақ команда УЕФА Ұлттар лигасын екі рет ұтты. Шабуылшы әлем чемпионатына алты рет қатысты.

Роналду ұлттық команда сапындағы алғашқы матчын 2003 жылғы 20 тамызда Қазақстан құрамасымен өткен жолдастық кездесуде ойнады. Клубтағы мансабын ол жалғастырып жүр: жақында португалиялық футболшы мансабындағы 982-голын соқты. Ресми матчтардағы мың гол межесіне жету үшін оған аз қалды.

Бұған дейін Роналдудың соңғы жиырма жылдағы басты бәсекелесі Лионель Месси де Аргентина құрамасымен қоштасу матчын өткізген. Роналдумен бірге Еуро-2016 чемпионы атанған Нани осы маусымда ҚПЛ-да ойнап, «Ақтөбеден» кететінін мәлімдеді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз