Қазақстанның U-18 жасөспірімдер құрамасы Грузияның құрдастарымен екі жолдас ойын өткізеді. Кездесулер 15 және 17 қарашада Тбилисиде өтеді. Бас бапкер Евгений Коструб оқу-жаттығу жиынына және екі матчқа 22 футболшы шақырды.
Құраманың негізін үш клубтың ойыншылары құрады. Ең көп футболшы Алматының «Қайрат» клубынан шақырылды – сегіз ойыншы. Қарағандының «Шахтерінен» бес, «Ақтөбеден» төрт футболшы бар. «Алтай», «Хан-Тәңірі», «Тұран» және «Ордабасы» клубтарынан бір-бір ойыншы шақырылды.
Қақпашылар: Камиль Гайнуллин, Батырхан Серікбай (екеуі де – «Қайрат»), Рустам Гаптурахманов («Алтай»).
Қорғаушылар: Мансур Авасханов, Марлен Амренов, Тарлан Ерболатов, Альфир Ханафи (барлығы – «Қайрат»), Меирлан Балтабаев, Жәнібек Жайлаубек (екеуі де – «Шахтер»), Диярхан Карабалинов («Аланьяспор», Түркия).
Жартылай қорғаушылар: Ислам Рақым, Алихан Жұмабек (екеуі де – «Қайрат»), Расул Акимов, Данил Литвиненко, Дамир Юсупбеков (барлығы – «Шахтер»), Арман Ахмет, Ибрахим Бауыржанов, Ринат Бейбітов (барлығы – «Ақтөбе»), Шарипхан Шарипжан («Хан-Тәңірі»).
Шабуылшылар: Аян Аманжолов («Ақтөбе»), Расул Досан («Тұран»), Адилбек Тұрдах («Ордабасы»).
Кострубтың бапкерлер штабында бас бапкердің көмекшісі Талғат Қанышев, қақпашылар бапкері Олжас Туртулов, дене дайындығы жөніндегі бапкер Жеңіс Арыстан және бапкер-талдаушы Дмитрий Васильев бар.
Қарашада Қазақстанның бірнеше ұлттық құрамасы жиын өткізеді. Владимир Чебурин басқаратын жастар құрамасы Шымкентте Беларусьпен ойнайды. Тимур Касымовтың U-19 құрамасы Шотландияда Еуро-2027 іріктеуіне қатысады, ал Руслан Раимбакиевтің U-17 құрамасы іріктеуді Грузияда бастайды.



